Әйелдер дәрісханасында жөндеу жұмыстары жүргізілді
Шымкент қаласындағы Исмамиддин баба мешітінің әйелдер дәрісханасында тазалық және абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Әйелдер жамағатының қолдауымен дәрісхана қабырғалары сырланып, перде мен төсеніштер жуылып, бөлме ретке келтірілді. Жұмыстарға жұмсалған қаражат көлемі 300 000 теңгені құрады.
Игі іске қолдау білдіріп, мешіттің көркеюіне үлес қосқан барша әйелдер жамағатына Алла разы болсын!





