Шардара қаласы «Абай» мәдениет сарайында Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің ұйымдастыруымен Мұхаммед (с.а.с) пайғамбардың туған күні – Мәуліт мерекесіне арналған кеш болып өтті. Салтанатты кештің басында Мақтарал ауданы «Нұғман» орталық мешітінің ұстазы Умитжан қари Тухтаев қасиетті Құран Кәрімді оқып, дұға жасады. «Асыл мұра өнер» орталығының жүргізушісі Бекат Сәкенұлы барша мұсылман қауымды Мәуліт мерекесімен құттықтап, сахнаға құттықтау сөзіне ел ағаларын шақырды. Одан кейін сөз алған аудан әкімінің орынбасары Бақтыбай Қиянбекұлы Алипов күллі мұсылман әлемінің асыға күткен қасиетті мерекесі – Мәуліт құтты болсын! Әрбіріңіздің шаңырақтарыңызға шаттық, отбасыларыңызға тыныштық, жұмыстарыңызға табыс тілей отырып, барша әлемнің Жаратушысы Алла Тағала егеменді еліміздің болашағын жарқын, көк байрағымыздың әрқашанда биік болуын нәсіп етсін дегім келеді дей келе, бұл айда атап өткізудегі негізгі мақсат – Мұхаммед (с.а.с.) пайғамбардың іс – әрекеттерін насихаттау, салауаттар айту, жастарға имандылық қағидаттарын түсіндіру, оларды отан сүйгіштікке, бауырмалдыққа, адамгершілікке, ата – ананы құрметтеуге және түрлі теріс қылықтардан сақтауға шақыру деген тілегін білдірді.
Кеште Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өкіл имамы, облыстық орталық мешітінің бас имамы Ахметжан қажы Пірәліұлы Керімбек қала тұрғындарына Мәуліт рухани мерекелік кеште Алла Тағаланың кәламы қасиетті Құран оқылып, Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы мадақ өлеңдер мен жырлар, салауаттар айтылып, сәлем жолданады. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) өнегелі өмір жолы барынша насихатталып, үмметінің Алла Елшісіне (с.а.с.) деген сүйіспеншілік сезімдері одан әрі күшейе түседі. Мүмкіндікке қарай қасиетті мәуліт күнін себеп етіп жұртқа сусын, тамақ таратып, сыйлықтар беріп, басқа да игі шаралар атқаруға болады. Ғалымдардың бәрі бірауыздан бұл мерекені атап өту барысында шариғатқа қайшы іс – әрекеттердің орын алмауы шарт деп атап өткен. Мәуліт мерекесінің шығу тарихына тоқталды, мерекенің мән – маңызын түсіндіріп, жастарды одан ғибрат алуға шақырды. Пайғамбардың хадистерінен мысалдар келтірді. Ақырғы Пайғамбар Мұхаммед (с.а.с.) өмірге келген сәттегі хикметтерді айта келіп, «Құрандағы «Азһап» сүресінің 56 – аятында «Расында Алла Пайғамбарға рахмет етеді, періштелер жарылқау тілейді. Әй, мүміндер, Пайғамбарға сендер де салауат айтып, жақсылық тілеңдер!», – деп жазылғанын айтты. Өкіл имам Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.с) туған күні Мәуліт мерекесіне арналған керемет кеш. Осы кеште Пайғамбардың (с.а.с) қандай кісі болғаны жайында мол мағлұматтар алуға болады. Пайғамбарымызға арналған салауатты, діни әуендерді тыңдап қана қоймай, кейінгі ұрпақ содан ғибрат алса деймін. Пайғамбарымыздың (с.а.с) өмірін зерттеп – зерделеуге, Құран Кәрімнің мағынасын терең түсінуге ден қойса жөн болар еді. Сөз соңында елімізге тыныштық, жұртымызға амандық тілеп, дұға жасады. Рухани кештің салтанатты ашылу рәсімі Мәуліт оқумен жалғасты. Мәулітті Мақтарал ауданы «Нұғман» орталық мешітінің ұстазы Умитжан қари Тухтаев араб тілінде айрықша мақаммен оқыды.
Кеш соңында аудан имамы Асылхан Данияров «Мәуліт» рухани мерекелік кешке қолдау көрсетіп, демеушілік жасаған ел ағасы аудан әкімі Қамытбек Нұржанұлы Айтуреевке және басқа да үлесін қосқан азаматтарға алғысын білдірді. Кешті жүргізуші Бекзат Сәкенұлы «ИлләҺи» зікір әнімен сахнаны тербелтіп жамағаттың жүрегіне рухани сусын тарту етті. Кештің жалғасы мейрамханада мерекелік дастархан басында жалғасын тауып, қасиетті Құран Кәрім оқылып сауабы пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с) және барша дүниеден өткен ата – бабалар рухына бағышталды.
«Шардара» орталық мешітінің бас имамы А. Данияров