Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Шымкент қаласы, Абай ауданы «Файзулла молда» мешітінде жат ағымдардың алдын алу жөнінде жамағатпен кездесу өтті.
Кездесуде аудандық ЖАНТ мүшесі Тәңірберген Ергешов жат ағымдардың алдын алу жөнінде насихат айтты. Мұнымен қатар, жамағат сұрақтарына мазмұнды жауаптар берді. Осындай маңызды шараға һәм аудан көлемінде жоғары деңгейде өткен жұмыстарына Абай ауданының бас имамы Мұхамеджан Естеміров алғыс айтып, ризалық білдірді.
Бұл шара барлық мешіттерде жалғасын тауып келеді.
ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі





