Шымкент қаласы, Қаратау ауданы « Ислам нұры» мешітінде «Имамдардың біліктілігін арттыру» атты көшпелі семинар өтті.

Семинарға аудан имамы Ербол қажы Тастанбекұлы, Сала жетекшілері мен ауданға қарасты барша мешіт имамдары қатысты.

Семинар барысында, аудан имамы кіріспе сөз сөйлеп, Қала Бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлының сәлемін жеткізіп, күн тәртібінде тұрған мәлелелерге айрықша тоқталып өтті.

Аудан имам үстіміздегі жылды діни қызмет аясында 2026 жылды «Ислам және адал қоғам» деп жариялауына орай, мешітте жүйелі дәрістердің ұйымдастырылуын,
мешіт сөрелеріне қойылатын кітаптар тек сараптамадан өткен оқулықтарды қойылуын айтып өтті.
Сөз соңында Аудан имамы Мүфтият өнімдерінен, Иман журналы мен Мұнара газетін халыққа насихаттауды тапсырды.

Әр мешітке меже берілді.

Семинар барысында аудан бойынша, Сала жетекшілері өз бағыттарында сөз сөйлеп, есептің уақытында жіберілуін, дұрыс жіберу үлгісін де айтып өтті.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38