
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен халықаралық қарттар күніне орай, қалада орналасқан мешіттерде қызмет ететін қарт дін қызметкерлеріне құрмет көрсетіліп, алғыс хаттар табысталды.
Шара барысында, Бас имам Бақдәулет қажы Нұрматұлы өңіріміздің діни тұрақтылығы мен өркендеуіне қосып жүрген сүбелі үлестері үшін шынайы алғысын білдіріп, алғыс хаттарды табыстады.
Шараға қатысқан ардақты қарт имамдарымыз ризашылықтарын білдіріп, баталарын берді.



















