Бүгін Шымкент қаласы, Қаратау ауданы Қожамжар ата атындағы мешітінде «Жат діни ағым — қоғам дерті» тақырыбында діни-танымдық семинары ұйымдастырылды.
Семинар жұмысына шаһар бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлы, найб имам Ахметжан Керімбек, аудан бас имамы Ербол Қалшабек, Мұхамеджан Естемір, Ералы Есенгелдиев т.б мешіт имамдары қатысты.
Семинар барысында аудандық мешіт жанындағы жат ағымдардың алдын алу бөлімінің маманы Аманжол Серікбаев арнайы қатысып, ҚМДБ-ның жат ағымдардың алдын алу бағытындағы жұмыстары жөнінде жан-жақты ақпарат беріп, кеңінен түсіндірілді. Семинар жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі









