Бүгін Шымкент қаласы, Қаратау ауданы Қожамжар ата атындағы мешітінде «Адал ас – денсаулық кепілі» тақырыбында діни-танымдық семинары ұйымдастырылды.
Семинар жұмысына шаһар бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлы, найб имам Ахметжан Керімбек, аудан бас имамы Ербол Қалшабек, Мұхамеджан Естемір, Ералы Есенгелдиев т.б мешіт имамдары қатысты.
Семинар барысында Шымкент қаласы бас имам орынбасары әрі ҚМДБ «Халал Даму» мекемесінің бақылаушы өкілі Қазыбек Сарыбаев арнайы қатысып, ҚМДБ-ның халал бағытындағы жұмыстары жөнінде жан-жақты ақпарат беріп, кеңінен түсіндірілді. Сондай-ақ, мешіт имамдарына Ауызашар дастарханында адал өнімдер қою, қасапшылықтың қыр-сыры мен мал союдың шариғаттағы талап-ережелері, шұжық өндірісі, тәтті өнімдерді өндіру ісі, түрлі қоспалар т.б. айтылды. Семинар жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

 

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38