Бүгін ҚМДБ Шымкент қалалық өкілдігі және шаһар әкімдігінің ұйытқы болуымен Қан орталығында «Өмірге үміт сыйла» игі іс-шарасы ұйымдастырылды. Рамазан айының құрметіне ұйымдастырылған қайырымдылық шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы, қалалық Дін істер басқармасының басшысы Әбілхаиров Серғазы жане мешіт дін қызметкерлері мен ерікті топ мүшелері қатысты.
Шариғат қағидасы бойынша қан тапсыру сауапты іс болып саналады.
Айта кету керек, игі шараға 100-ден астам мешіт қызметкері қатысты.
ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі













