Бүгін Шымкент қаласы, Еңбекші ауданында “Ислам және адал қоғам” жылы аясында жылдық жұмыс жоспарына сәйкес аудан имамдарына семинар өтті.

Семинарға Шымкент қаласы бас имамының орын басары Ахметжан қажы Пірәліұлы, Шымкент қаласының бас имамының орынбасары Исламқұл Иманқұлұлы, Шымкент қаласы бойынша тәртіптік кеңестің төрағасы Дәурен қажы Пернеұлы қатысты.

Семинарда күн тәртібі бойынша Еңбекші ауданының бас имамы сөз сөйлеп имам болудың жауапкершілігінің маңыздылығына, басшылық тарапынан тағайындалған аудандық кураторды таныстыру, діни рәсімдерді орындаудағы ұқыптылыққа арнайы тоқтап, 2026 жылы атқарылатын жұмыс жоспар бойынша нақты тапсырмалар берді. Бес бағыт бойынша аудан кураторлары және сала жауаптылары бекітілді.

Былтырғы жылы Еңбекші ауданына кураторлық жасаған Ахметжан қажы Пірәліұлына аудан имамдары құрмет көрсетіп, өз рахмет алғыстарын жеткізді.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38