ҚМДБ, ОҚО бойынша өкілдігі, Түркістан қаласы орталық «Түркістан-Ахмет Яссауи» мешітіне қарасты «Тұяқбай ата» мешітінің имамы Бақтияров Айданның және жамағаттарының, Мақтазауыт аумағының жігіттерінің ұйымдастыруымен «Жақсылықта жарысыңдар!» атты қайырымдылық шарасы болып өтті. Шараға жақсылықтан құр қалмайық деген барша жамағаттармен «3 желания» сауда фирмасының өкілдері де өз үлестерін қосты. Түркістан қаласы орталық «Түркістан-Ахмет Яссауи» мешітінің наиб имамы Сүлеймен қари Моллатілеуұлы шараға үлес қосқан барша жамағаттарға арнайы бас имам Омар қажы Елеуұлының ыстық ықыласымен алғысын жеткізіп, садақа берудің сауаптары, қайырымдылық жасаудың ақыреттегі және осы дүниедегі сауаптарымен тигізер пайдалары турасында уағыз айтты. Қайырымдылық шара барысында Мақтазауыт аумағының тұрмысы төмен, әлеуметтік аз қамтылған 55 отбасыға азық-түліктей, ұн, көмір, т.б. заттай көмек берілді. Шараның мақсаты қоғамдағы тұрмысы төмен отбасыларға қолдан келген көмек беру, қуаныш сыйлау болды. «Жетім көрсең жебей жүр» демекші жетім, жартылай жетім 7 оқушы аяқ киім үлестірілді. «Тұран-Түркістан» телеарнасы арнайы түсірілім жасап, халық назарына ұсынды. Мұндағы мақсат жасаған қайырымдылықты мақтаныш ретінде көрсету емес, қайта өзге жамағаттарға ой салу, жақсылықтан құр қалмай қайырымдылық шараларына үлес қосуға үндеу болды. Қайырымдылық шараға жомарт азаматтардың үлес қосуымен жалпы 700 мың теңгедей жұмсалды.
Алла Тағала барша жасаған жақсылықтарына разы болып, отбасыларына амандық, кәсіптеріне береке берсін деген тілектер жаудырды. Бабаларымыздың «Қарғыс алма, бата ал» дегені осы шығар.
«Түркістан-Ахмет Яссауи» мешітінің баспасөз қызметі