Шардара ауданы Алатау батыр ауыл округі С. Кәттабеков жалпы орта мектебінің жоғарғы сынып оқушыларымен «Рухани жаңғыру саналы қоғамм мәңгілік ел», – атты тақырыпта Шардара ауданы Алатау батыр ауыл округі «Алатау батыр» мешітінің бас имамы А. Умирзаков, мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, ювенальдық учаскелік испекторы қатысты. Кездесу барысында, ауыл имамы сөз кезегінде кез келген елдің тілегі де, арманы да халқының бейбітшілігі мен бірлігін сақтау екені сөзсіз. Өйткені, бейбіт өмір – бақыт, береке, бірлік әкелумен қатар болашаққа өрлеу мен өркендеуге жол ашады. Дана халқымыз «Байлық байлық емес, бірлік – байлық», – деп бекер айтпаса керек. Ата-баба арманы болған Мәңгілік елге айналу ісін жүзеге асыруды мақсаттаған Елбасымыз: «Мәңгілік Ел – жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы», – деп болашақтың бағытын да айқындап берді. Халқымызда «Ынтымақсыз елді – ұрысы билейді. Ынтымақты елді – дұрысы билейді», – деген қанатты сөз бар. Елін ынтымаққа жетелеген Елбасымыздың да арманы қазақ халқын «Мәңгілік елге» айналдыру. Әрине, ол оңай шаруа емес екенін бәріміз мойындаймыз. Әйтсе де, «Саусақ бірікпей, ине ілікпейді», – демекші, баршамыз бір шаңырақ иесіндей жұдырықша жұмылар болсақ, бейбітшілікті әлемге талай паш етеріміз белгілі.
Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің баспасөз қызметі.