Бүгін, Шымкент қалалық «Абдул Хамид Қаттани» мешітінің мәжіліс залында қала, аудан бас имамдарының қатысуымен «Діни қызметкерлердің лауазымдық міндеттемелері мен біліктілікке қойылатын талаптар» атты облыстық семинары болып өтті.
Семинар жұымысын ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы Бақтыбай қажы Бейсенбаев ашып, жүргізіп отырды. Семинар барысында облыс имам орынбасары Мұсабек Ақтамберді мен Шымкент медресе-колледжінің директоры Талғат Әсембайдың және облыстық «Зекет» қорының әлеуметтік істер бойынша көмекшісі Қалиолла Маджановтың баяндамалары тыңдалды.
Өкіл имам Бақтыбай Қыдырбайұлы баяндамашылардың келтірген дәлел-дәйектеріне орай, бірқатар мәселелер көтерді. Оның ішінде, Діни басқармаға қарасты діни оқу орындарына талапкер шәкірттер дайындау үшін дайындық курстары мен насихат жұмыстарын қолға алуды, зекет және садақа мәселелерін реттеу, насихат жұмыстарын кешенді түрде қолға алу, түрлі кереғар ағымдардың алдын алу және жеке кездесу жұмыстарын күшейтіп, нәтижелі жұмыстар көрсету туралы пысықтады.
Сондай-ақ, өкіл имам Бақтыбай қажы Қыдырбайұлы діни кадрларды жедел дайындау үшін ең алдымен өңірдегі қала, аудандық мешіт жанынан Құран жаттау орталықтары мен діни сауат ашу курстарын заң аясында ашу туралы тапсырамалар берді.
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі