Бүгін Сайрам ауданы Қарасу ауыл округ орталығындағы Исламабад мешітінің Бас имамы Аминов Акбардың басшылығымен қайырымдылық іс шара болып өтті. Іс шарада 30 кемтар жанға ас беріліп, жағдайы төмен 20 отбасыға киім кешек таратылды. Қайырымдылық іс шараға Аудандық ардагерлер үйінің төрағасы, аудандық маслихат депутаттары қатысты. Қайырымдылық іс-шараға демеушілердің көмегімен 300 000 теңгеден астам қаржы кетті. Ісшара 15 ақпан күні Қарасу ауылы Исламабад мешітінде болып өтті. Іс шараға 55 адам қатысты.
Сайрам ауданы орталық мешітінің баспасөз қызметі