Бүгін Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, Тоғыс тұрғынүй алабында орналасқан “Албан” кешенінің «Домбыра» үйірмесінде «Ұлттық Домбыра» күніне орай, рухани-танымдық шара ұйымдастырылды.
Шараға Шымкент қаласы бойынша “Дін мен дәстүр” бағытына жауапты, орталық мешіттің наиб имамы, Ахметжан қажы Пірәліұлы, аудан имамы Ербосын қажы Бектұрсынұлы және аудандағы мешіттердің имамдары мен дін қызметкерлері қатысты.
Шара барысында, үйірме тәрбиешісі Базарбаева Бибігүл Кенжебайқызы кіріспе сөз сөйлеп, өзін тәрбиешілікке шақырған Садық Айнұр Бауыржанқызына алғыс айтып, үйірменің құрылуы мен жетістіктері туралы баяндап берді. Кейін тәрбиеленуші ұл-қыздардан құралған Алаш, Дударай және Өркен топтарын кезек-кезегімен таныстырып, өнерлерін паш етті. Әуелі 9-10 жас аралығындағы ұл-қыздардан құралған Алаш және Дударай топтарының, кейін 12-15 жас аралығындағы ұл-қыздардан құралған Өркен тобының өнерлерін тамашалаған қатысушылар дән ризалықтарын білдіріп, басшылығы мен тәрбиешісіне алғыстарын айтып, сый-сияпаттар табыстады.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
















