ҚМДБ Шымкент қаласы өкілдігінің «Дін мен дәстүр» бағытына және «Жастар» секторы мен «Әйел-қыздар» секторына жауапты дін қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Ашура» күнінің сауабын үміт етіп, ораза тұтқан әйел жамағаттары мен «Әжелер мектебінің» әже-апаларына арнап ауызашар дастарханы жайылып, дәм үсті «Әйел және отбасы» атты рухани-танымдық семинар өтті.
Семинарға Шымкент қалалық орталық мешіттің наиб имамдары Ахметжан қажы Пірәліұлы мен Қазыбек қажы Сұлтанбекұлы, Әзімбек Қарабеков және ұстазы Айжарқын Түзелова қатысып, «Ислам және отбасы» және «Әйел және отбасы» тақырыптары аясында дәрістер оқылды.
Семинар соңында, «Әжелер мектебінің» үйлестірушісі Қалдыкүл қажы Бекжанова апа дәрістер оқыған ұстаздарға алғыс айтып, қатысқандарға естігендеріне амал етулеріне сенім білдірді.




