Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазреттің тапсырмасына орай, Шымкент қаласында орналасқан облыстық орталық мешіттің мәжіліс залында ҚМДБ-ға қарасты аудан, қала, ауылдық мешіттердің имам-молдаларының діни білімі мен біліктілігін анықтау һәм бұйрықтандыру мақсатында арнайы сараптама өткізілді.
Комиссия құрамына ҚМДБ-ның діни істер және талдау бөлімінің меңгерушісі К.Тұрдыбаев, ғұлама-ғалым С.Шоқанов, ҚМДБ кадр бөлімнің меңгерушісі Б.Бекмұратов және өкіл имам А.Керімбектер жүргізіп отырды.
Жалпы, 2 күнгі созылған Сараптамаға бұрын бұйрық алмаған 195 азаматтар құжат қабылданды. Сараптау нәтижесі бойынша 190 имам, молда, азаншы және ұстаздар өткізілсе, ал 5 азаматтың сеніміне байланысты сараптамадан сүрінді.
Сараптама барысында имамдардан Құран қағидалары, ақида, фиқһ ҚМДБ-ның төрт құжаты және әкімшілік жүйе және түрлі кереғар ағымдардың шығу тарихы, зиянды тұстары, дін мен дәстүр т.б. діни мәселелер төңірегінде сұрақтар қойылды.
Сондай-ақ, сараптама кезінде ҚМДБ-ның діни істер және талдау бөлімінің меңгерушісі К.Тұрдыбаев пен өкіл имам А.Керімбек тарапынан ауылдық мешіттердің имам, молдаларын діни біліктіктері артыру мақсатында Алматы қаласындағы 2 айлық Имамдардың білімін жетідіру Ислам институтынан өту және «Шымкент» медресе колледжінің оқу базасында қысқа мерзімді курстардан өткізу жайы тапсырылды.
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі