Қайрымдылық жасау шамасы жеткен әр мұсылман үшін міндет. Қайыры мол адам, суаты шалқар көлмен тең. Қайырсыз адам-сараң, құм ішіндегі шөлмен тең деген қазақта жақсы сөз бар. Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың төрағалығымен өтіп жатқан жиындардың барлығында осы қайрымдылық іс шараларының жұмысы назарға алынып, уақытылы орындалуы тапсырылуда. Осы тапсырылған жұмыстар негізінде ОҚО өкілдігі, Төлеби ауданы, ауданыдық «Нұр» мешітінің бас имамы Анарбаев Саматттың тікелей ұйытқы болуымен, және ауданымызға қарасты орталық мешіт жанынан құрылған Жастар ісі бөлімінің, Зекет істері бөлімімен бірлесіп, «Балаларға базарлық» атты қайрымдылық іс шарасы өткізілді. Аталған іс шара Тәуелсіздік күні мен Мәуліт айы құрметіне орайластырылып жасалып отыр. Жалпы қайрымдылық шара мектеп балаларына, әлеуметтік тұрмыс жағдайы төмен, көпбалалы отбасыларға, жетім жесірлерге арнайы құтыға салынған ұл қыздар бас киімі, қолғап, қыстық шұлықтар және қосымша пакеттерге салынған түрлі тәттәлер, 80 дана сыйлық қайрымдылық иелеріне табысталды. Бұл жасалған іс шара Аллаға деген иманы мен екі дүниеден үмітін үзбеген жомарт жандардың үлесінің себемен атқарылып отыр. Алла баршамызды қолымыздан келген қайрымдылық амалды істеуді жазсын.
ОҚО, Төлеби аудандық «Нұр» мешітінің баспасөз қызметі