Шымкент қаласы, Қаратау аудандық «Байғұт баба» мешітінде аудандағы мешіттердің имамдары мен дін қызметкерлерінің қатысуымен семинар өтті.
Семинарда 14 мамыр күні Астана қаласында өткен «Қазақ даласындағы дәстүрлі ислам құндылықтары» VІ Республикалық имамдар форумында қабылданған «Қазақ халқының дәстүрінде және Ислам дінінде отбасы құндылығы», «Құдайы ас беруде ысырапқа жол бермеу (мәзірі мен тәртібі)» тұғырнамасы құжаттарын жалпы халыққа таныстыру жолдары талқыланып, пікірлер алмасылды.
Аудан имамы Ербол Қалшабек өз сөзінде, жақында ғана «Есжанұлы Сейтжан қары» мешітінде өткен VІ Республикалық имамдар форумында қабылданған құжаттарды насихаттауға арналған қалалық имамдардың «Қазақ халқының дәстүрінде және Ислам дінінде Отбасы құндылығы» атты форумда
Шымкент қаласының
Бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлының аталған құжаттарды халыққа кеңінен насихаттау бойынша имамдарға берген тапсырмаларын орындауда белсенділік талап етті.
ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі


