Белгілі қоғам қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Оразкүл Асанғазы – қоғамдық және саяси қайраткерлігімен танылған, педагогика саласында елеулі із қалдырған тұлға.
Қазақтың қайраткер қызы Оразкүл Асанғазы апай Шымкент қаласына келіп, рухани семинарға қатысты.
Семинарға қатысқан әрбір тыңдаушы ұйып тыңдап, бәрін толғандыратын, ең өзекті тақырып аясында ой өрбітті.
Шын мәнінде, ерекше әрі жүрекке жететін дәлелдерімен негізделген тағылымдар айтылды. Әсіресе, қазіргі қоғамдағы әйелдің орны, отбасындағы жылулықты сақтау, отбасындағы бақытты болу ережесін және техникасын оқытты.
Ең ұлы құндылық- отбасы берекесінің кепілі болатын, адам өмірінде ата тегінің әсері, болашақты өзгерту, ұрпақ тәрбиесінің сәтті болу сыры туралы иірімді ойларды тізбектеді.
Әйелдің ер алдындағы міндеті, өтпелі қиындықтардан жеңіл әрі жақсы шығу жолдары туралы өмір таразысынан екшелген дәлелге толы мысалдармен ашылды.
Ұрпақ тәрбиесі – мемлекет дамуының негізгі алғы шарты. Бұған барлығымыз жауаптымыз. Ол ұрпақты қазақ тіліне жанашыр етіп тәрбелеу ата-ана мен ұстаздардың міндеті екенін айта кетті.
Әлемде жеті түркі мемлекеті бар десек, соның алтауы өз тілінде ел басқарып, бір-бірімен қарым-қатынасты тек өз тілінде жасауда.
Кез келген қазақ, қазақстандық бір-бірімен тек мемлекеттік тілде сөйлесетін уақыты келді. Тәуелсіздік қазаққа не берді десек, санымыз өсті, санамыз өркендеді, рухымыз жанданды. Рухымызбен бірге тіліміздің тұғыры да биіктеуі шарт, – деп ынталандыру берді.
ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі



