Бүгін ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бағдарлық баяндамасы аясында, Шымкент қаласында «Қажының рухани келбеті» атты аймақ қажыларының форумы өтті.
Форумға Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы, қалалық дін істер басқармасының басшысы Бақтияр Өнербаев, ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшесі Ерсін Әміре, дінтанушы-магистр Мұхамеджан Естеміров, ақсақал имам Бекайдар қажы Әміре, Ахметжан Керімбек, найб имам Мұсабек Ақтамберді, «Сембеков и К» қажылық компаниясының төрайымы Ботакөз қажы Сембекова, қалалық «Тауаф» қажылық компаниясының жауапты маманы Әлжан Сәдиев, мешіт имамдары мен әжелер мектебінің мүшелері, 200-ға жуық азаматтар қатысты.
Игі іс-шара Құран оқумен басталып, қасиетті Құран аятымен ашылды. Форумды ашып, дінтанушы-магистр Мұхамеджан Естеміров жүргізді. Әуелі мүфтияттың жыл басынан бері атқарған іс-шаралары туралы баян етілді. Форум бағдарламасына сәйкес Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы, қалалық дін істер басқармасының басшысы Бақтияр Өнербаев, ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшесі Ерсін Әміре, дінтанушы-магистр Мұхамеджан Естеміров, «Сембеков и К» қажылық компаниясының жетекшісі Ботакөз қажы Сембекова баяндама жасады.
Сондай-ақ, Шымкент орталық мешітінің найб имамы Мұхамеджан Естеміров ҚМДБ тарапынан қабылданған «Қажының рухани келбеті» тұғырнамасы құжатын таныстырып, хабарлама жасады.
Маңызды қабылданған құжаттарлы насихаттау бойынша бес ауданда түрлі деңгейде жан-жақты іс-шаралар өткізілетін болып шешілді.
Жоғары деңгейде ұйымдастырылған шараны жергілікті «Оңтүстік», «Айғақ», «Хан тв» т.б. телеарналары түсірілім жасады.
ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

























