Бүгін Шымкент қаласы, Қаратау аудандық «Байғұт баба» мешітінде аудан имамы Ербол Тастанбекұлының жетекшілігімен ауданындағы мешіттердің имамдары мен дін қызметкерлерінің қатысуымен жиналыс өтті.

Жиналыстың негізгі күн тәртібінде алда атқарылатын сауапты да жауапты ұлы амал — қажылық құлшылығын ұйымдастыратын ҚМДБ-ның ашық конкурсынан өткен Туроператорларды насихаттау және Республикалық Қыздар Құран жарысы жұмыстарына атсалысу .

Өз сөзінде, «Исламның бес парызының бірі болған қажылық құлшылығының дұрыс орындалуын қамтамасыз етіп, сапардың қолайлы ұйымдастырып келе жатқан “TAWAF TRAVEL” секілді тәжірибесі мол қажылық компанияларды елге дұрыс таныта білуіміз керек», — деді имам Ербол Тастанбекұлы.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38