Шымкент қаласы Есжанұлы Сейітжан қари мешітінде қыз-келіншектер бөлімі Рамазан айына ауызашар ұйымдастырып, Құран хатым оқып, дұғасы жасалды. Үлгі тұтар апаларымыз өздері жеке оқыған хатымдарын да бағыштап, баталарын беріп, ризашылықтарын білдірді. Құран хатымға қатысқандардың ішінен көп пара оқып, белсенділік танытқандарға ынталандыру ретінде керемет сыйлықтар берілді. «Исламдағы әйелдің орны» тақырыбы қозғалды. Оқыған Құран хатымдарымыз, тұтқан оразаларымыз қабыл болғай!
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі



