Ғалым Абдусаттар Сманов мешітінде Құранға түскен шәкірттер арасында тәжуидімен оқи алу үшін үш айлық дайындық жүргізіліп, Құранды тәжуид қағидасымен оқу және аяттарды ережеге сай талдаудан емтихан өткізілді. Әйелдер жамағаты барынша белсенді қатысып, жеті адам барлық бөлімнен мүдірмей өтіп, «үздік баға» сертификатымен марапатталды. Қалған 25 кісі де қатысып, емтиханнан өткендігі үшін марапатталды.
Шәкірттер Құранға жаңа қырынан қадам басып әрі алдымыздағы көктем қасиетті Рамазан айының кіруіне байланысты , емтихан күнін «Жүрегімнің көктемі болған Құраным» деген атпен аталды.



