Бүгін, Шымкент қаласы, Әл-Фараби аудандық «Ордабасы» мешітінде ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфтидің шешімімен 2025 жылды «Ислам және отбасы құндылығы» деп жариялануына орай, «Отбасындағы ізгілікті жаңғырту» тақырыбында жергілікті зиялы қауым өкілдерімен дөңгелек үстел өткізілді.
Шараға Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданындағы мешіттерден келген 15 зиялы қауым өкілдері және қалалық мешіттің наиб имамдары Мусабек қажы Ақтамберді, Ахметжан қажы Керімбек, Мұхамметжан қажы Естемиров және аудан имамы Ералы қажы Есенгелдиев бастаған аудандағы мешіттердің имамдары қатысты.
Шараны аудан имамы Ералы қажы Есенгелдиев жүргізіп, алғашқы кіріспе сөз сөйлеген қалалық «Дін мен дәстүр» бағытына жауапты Ахметжан қажы Керімбек, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфтидің шешімімен ағымдағы жылдың «Ислам және отбасы құндылығы» деп жариялануының маңыздылығына тоқталды. Одан кейін, кезегімен Бекайдар қажы Әміре, Мусабек қажы Ақтамберді, Мұхаметжан қажы Естемировке, сондай-ақ, қатысушы зиялы қауым өкілдерінен бірнеше ақсақалдарға сөз берілді. Әрбір сөз сөйлеуші, Дін мен дәстүрін қадір тұтқан дана халқымыз да «Отан – отбасынан басталады» деп, отбасының қоғамдағы орнын ерекше бағалатындығын. Өйткені кез келген қоғамда адами жақсы қасиеттердің кеңінен тарауы үшін әр отбасының береке мен бірлікте өмір сүруінің маңызы зор екендігін жеткізді.
Жалпы, осы шараға қатысушылар саны 34 кісі болды.





