Дін қызметкерлері арасында қалалық волейбол турнирі ұйымдастырылды.
Шымкент қаласы Еңбекші ауданына қарасты «Шаңырақ» мешітінің имамы Абдужәлил Бекмурзаевтың демеушілігімен, Еңбекші ауданы діни қызметкерлерінің ұйымдастырумен
Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының 35 жылдығына орай «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында Шымкент қаласы дін қызметкерлері арасында волейболдан ашық турнир өтті.
Іс-шараға Шымкент қаласының бас имамы Бағдаулет қажы Нұрматұлы, орынбасарлары Ахметжан қажы Пірәліұлы, Мұхамеджан қажы Естеміров, Қаратау ауданының бас имамы Ербол Қалшабек, Әл- Фараби ауданының бас имамы Есенгелдиев Ералы, Тұран ауданының бас имамы Бекбауов Ерман, Сәбдиев Әлжан, Қарабеков Әзімбек имамдар қатысты.
Жарыста жалпы бес аудан командалары қатысып, бақтарын сынады.
Тартысқа толы өткен турнирде тұғыр биігінен «Қаратау» ауданы командасы көрініп, бірінші орынды иеленді. Екінші сатыға « Тұран ауданы» командасы жайғасса, жүлделі үшінші орын « Абай ауданы» командасына бұйырды. Бірінші орынға 50000 тг, екінші орынға 40000тг, үшінші орынға 30000 тг қаржылай сыйлық табыс етілді.
Іс-шара соңында бас имам Бағдаулет қажы Нұрматұлы сөз сөйлеп, турнирде жүлделі орын алған командаларға тиісті жүлделерді табыстап, аталмыш іс-шараны өз деңгейінде ұйымдастырған Еңбекші ауданының бас имамы Орын Ербосын Еңбекші ауданы имамдарына арнайы рақметін айтты.








