Шымкент қаласы, Қаратау ауданында орналасқан «Аңламас ата» мешітінде ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфтидің шешімімен 2025 жылды «Ислам және отбасы құндылығы» деп жариялануына орай, «Ислам және отбасы құндылығы» тақырыбында жергілікті зиялы қауым өкілдерімен дөңгелек үстел өткізілді.

Шараға Шымкент қаласы, Қаратау ауданындағы мешіттерден келген 17 зиялы қауым өкілдері және қала имамының кеңесшісі Әміре Бекайдар қажы, қалалық мешіттің бірінші наиб имамы Мусабек қажы Ақтамберді және қалалық мешіттің наиб имамдары Ахметжан қажы Керімбек, Мұхамметжан қажы Естемиров, сондай-ақ, аудан имамы Ербол қажы Қалшабеков бастаған аудандағы мешіттердің имамдары қатысты.

Шараны аудан имамы Ербол қажы Қалшабеков жүргізіп, алғашқы кіріспе сөз сөйлеген қалалық «Дін мен дәстүр» бағытына жауапты Ахметжан қажы Керімбек, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфтидің шешімімен ағымдағы жылдың «Ислам және отбасы құндылығы» деп жариялануының маңыздылығына тоқталды. Одан кейін, кезегімен қалалық мешіттің наиб имамдары Мусабек қажы Ақтамберді мен Мұхаметжан қажы Естемировке, сондай-ақ, қатысушы зиялы қауым өкілдерінен бірнеше ақсақалдарға сөз берілді. Әрбір сөз сөйлеуші, Дін мен дәстүрін қадір тұтқан дана халқымыз да «Отан – отбасынан басталады» деп, отбасының қоғамдағы орнын ерекше бағалатындығын. Өйткені кез келген қоғамда адами жақсы қасиеттердің кеңінен тарауы үшін әр отбасының береке мен бірлікте өмір сүруінің маңызы зор екендігін жеткізді.
Жалпы, осы шараға қатысушылар саны 37 кісі болды.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38