Шымкент қаласы, Қаратау ауданында орналасқан «Аңламас ата» мешітінде ҚМДБ-ның 35 жылдығына орай, «Ақсақалдар арасында ІІ Республикалық бата беру» байқауына іріктеу «Бата – балаға мәңгі құт» бата беру сайысын өткізді.
Сайыстың бірінші кезеңінде, «Дін мен дәстүр» бағыты бойынша сұрақтар қойылды, екінші кезеңінде, «Бата түрлері» бойынша бата берді және әр қатысушыға бата беру үшін 10 минуттық дедлайн қойылды. Сонымен қатар, ақсақалдардың сөз саптауына, сыртқы киіміне де қосымша баға берілді.
Шараға Шымкент қалалық имамның кеңесшісі Әміре Бекайдар қажы мен қалалық мешіттің бірінші наиб имамы Мусабек қажы Ақтамберді және қалалық мешіттің наиб имамдары Ахметжан қажы Керімбек, Мұхамметжан қажы Естемиров, сондай-ақ, аудан имамы Ербол қажы Қалшабеков бастаған аудандағы мешіттердің имамдары қатысты. Сонымен қатар, бата сайысына 17 үміткер батагөй қариялар тіркеліп, бақтарын сынады.
Соңынан, жеңімпаздарға қаржылай және заттай сый-сияпат жасалды. Жалпы, осы шараға қатысушылар саны 33 кісі болды.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

































