Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы Шымкент Қаласы Бозарық Мөлтек ауданы Әл – Ғани мешіті жанындағы әйел – қыздар секторы сауат ашу курсында “Құранның жүрегі Ясин ” атты Ясин сүресінен мәнерлеп оқудан жарыс өтті . Жарысқа он екі шәкірт қыздар қатысты . Жарыс барысында Ясин сүресінің пайдасы,маңызы,сауабы,хикметі жайлы насихаттар жүргізілді.Жарысты көруге шәкірттеріміздің аналары да келді. Жарыс біткен соң дастархан жайылып Құран жайлы құнды ақпараттар берілді. Жеңімпазға Планшет сыйға тартылды , сонымен қоса барша қатысушыларға ынталандыру мақсатында сыйлықтар таратылды.Қазіргі таңда Әл – Ғани мешітінің шәкірттері күн санап артуда , жүзден аса қыз-келіншектермен тығыз байланыса отыра түрлі іс-шаралар, үйірмелер,көрнекіліктер , топтық жұмыстар жасалуда.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38