Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Б. Алипов, «Шардара» орталық мешітінің бас имамы А. Данияров, Шардара қаласы «Әбу Мансур әл-Матуриди» мешітінің бас имамы Н. Шәдекұлы іс – сапармен Шардара ауданы Достық ауылы «Достық» жалпы орта мектебі, Сүткент ауылы «Т. Тәжібаев жалпы орта мектебінің жоғарғы сынып оқушыларымен және ауыл тұрғындарымен «Діни ағымдардың алдын алу» мақсатында кездесу өткізді. Қазіргі таңдағы белең алып отырған дәстүрлі емес діни ағымдардың жұмысы мен олардан жастарды сақтандыру, дұрыс ақпарат беру бағытында пікірлер жасалды. Кездесуге келген қонақтар қазіргі таңда орын алып отырған дәстүрлі емес діни ағымдардың жастар өміріне қауіп төндіретіндігі, еліміздің бейбітшілігі мен тыныштығына нұқсан келтіретіндігіне баса тоқталды. Кездесу соңында мектеп оқушыларымен ауыл тұрғындарының сұрақтарына тұщымды жауап берілді.
Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің баспасөз қызметі.