2017 жылғы 19 қазан күні Шардара аудандық орталық кітапханада 18 қазан -Рухани келісім күніне орай «Рухани келісім – татулық кепілі», – тақырыбында дөңгелек үстел мәжілісі өткізілді. Дөңгелек үстелге дін саласының өкілдері, жастар, оқырмандар, БАҚ өкілдері қатысты. Дөңгелек үстелде аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Б. Алипов 18 қазан – Рухани келісім күінінің мән – маңызына тоқтала келе, дін саласында қолға алынып жатқан жұмыстармен таныстырып өтті. Ауданда елдің ынтымағы мен бірлігіне үлес қосып жүрген бірнеше дін саласының өкілдері аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталып, сый – сияпаттар тапсырылды.
Аудан имамы А. Данияров рухани келісім күні барша қазақстандықтардың ортақ мерекесіне айналғанын, Елбасымыздың салиқалы саясатының нәтижесінде елімізде бейбітшілік пен ынтымақ берік орнағанын атап өтті.
Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің баспасөз қызметі.