18 қазан күні Кентау қаласына ОҚО өкіл имамының найыбы Естемиров Мұхаммеджан келіп, Кентау қалалық орталық мешітінде Кентау қаласына қарасты мешіттердің имамдары жылдық есептерін тапсырды. Жалпы жылдық есеп өте жоғары дәрежеде тапсырылды.
Мұхаммеджан Естемиров аудан мешіттерін аралады. Тарқатып айтар болсақ, Байылдыр ауылында салынып жатқан мешітті көрді. Құсшыата ауылындағы Мұхаммед Шүкір ата мешіті жанындағы сауат ашу курсының ғимаратын аралап шықты.
18 қазан – Қазақстан Республикасының Рухани келісім мерекесі күніне сай келіп Кентау қалалық Әкімшілігінде Кентау қаласының әкімі Әбдібақыт Мақұлбаевтың қабылдауына Кентау қаласының имам-молдалары қатысты. Қабылдау барысында Қала әкімі ОҚО өкіл имамының орынбасары Естемиров Мұхаммеджанға, Кентау қаласының бас имамы Айекеев Ғалымжанға және Балаби қари мешітінің бас имамы Төлен Жомартқа алғыс хат тапсырды. Қалған имам-молдаларға сый-сыяпат көрсетілді.
Естемиров Мұхаммеджан «Қамар» қайырымдылық мекемесінің Кентау қаласындағы филиалының тыныс-тіршілігімен танысты.