Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында  ҚМДБ-ның Шымкент қаласы Қаратау ауданында  орналасқан «Мәртөбе» мешітінде «Отанды  қастерлеу – елдігіміздің тірегі»  атты рухани-танымдық семинары ұйымдастырылды.

Рухани семинарға Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет Нұрматұлының атынан Әлжан Сәдиев,  ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшесі, «Есжанұлы Сейтжан қари» мешітінің бас имамы Ерсін Әміре, Қаратау аудандық мешіттің бас имамы Ербол Қалшабек, қалалық «Жастар ісі» секторы Әзімбек Қарабеков, қалалық «Діни оңалту» бөлімінің жауапты маманы Дастан Желеуов, Анарғали Керімбеков т.б. мешіт қызметкерлері қатысты.

Рухани семинар барысында  ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшесі, «Есжанұлы Сейтжан қари» мешітінің бас имамы Ерсін Әміре «Ислам және Отан» тақырыбы аясында дәріс оқыды.

Жалпы рухани семинар барысында тел тәуелсіздігі, қазақ даласына Исламның келу тарихы, халқымыздың әдет-ғұрпы мен салт-дәстүріндегі діннің алар орны мен бабалар ұстанған шариғат парыздары мен иман негіздері, діни рәсімдер, ас беру мәдениеті т.б. өзекті тақырыптар қозғалды.

Семинар соңында арнайы ас беріліп, бабалар рухына Құран оқылды.  

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38