Шымкент қаласы, Абай ауданына қарасты «Халифа Омар» мешітінде, «Адамзаттың ардағы, қос дүние сардары» атты рухани мәуліт кеші аталып өтті. Аталмыш іс-шараға Шымкент қаласы, Абай ауданының бас имамы Бердалы Жәміш, Бас муфти кеңесшісі Бекайдар Әміре, Ықылас қарилар медресесінің төрағасы Халилулла Маджан, «Нұр-Мүбарак» Ислам Университетінің ұстазы Дәулет ұстаз, Сейтжан қари мешітінің ұстазы Мейірбек қари, Айтбай ата мешітінің имамы Нұрсұлтан имам және » Қаратау» өнер мектебінің директоры Біржан Байтуов қатысты. Абай ауданының бас имамы Бердалы Жәміш қаламыздың бас имамы Бағдәулет қажы Нұрматұлының сәлемін жеткізіп, мәуліт жайлы жамағатқа әсерлі уағыз- насихат айтты. Бас муфти кеңесшісі Бекайдар Әміре ағамызда жиналған жамағатты мәуліт айымен құттықтап алғысөз айтып мәуліт іс- шарасын ашып берді. Сонымен бірге Дәулет ұстаз Пайғамбарымыздың с.а.у өмірі және салауат айтудың артақшылығы жайлы жамғатқа әсерлі уағыз-насихат айтты. Мейірбек қари мәуліт жырын оқыды. Шара барысында дастархан жайылып, «Қаратау» өнер мектебінің директоры, ақын Біржан Байтуов жиналған жамағатқа мәуліт жауында және салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты насихаттай отыра сұрақ-жауап сайысын ойнатып, балаларға базарлық етіп сыйлықтар таратты. Аталмыш іс- шараны ұйымдастырған Халифа Омар мешітінің имамы Жандос Орынбайұлы имам, мешіт жамағатына және қолдау көрсеткен әрбір азаматқа ерекше алғыс білдірді.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38