Бүгін ҚМДБ ізгі қоғам бағыты мен «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында қасиетті Мәуліт айының құрметіне Шымкент қаласы, Қаратау аудандық «Байғұт баба» мешітінде Мәуліт мерекелік шарасы ұйымдастырылды.
Рухани шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы, найб имам Мұсабек Ақтамберді, Мұхамеджан Естеміров, Ахметжан Керімбек, Қазыбек Сарыбаев, РАНТ мүшесі Дастан желеуов, іс басқарушы Азамат Әбдікерімұлы, мешіт жамағаты қатысты.
Рухани кеш барысында уағыз-насихат айтылды. Рухани кеште Мәуліт жыры оқылып, жиналған жамағатқа дастархан жайылды.
Игі шара соңында Қаратау аудандық мешітінің бас имамы Ербол Қалшабек алғыс айтып, ризалық білдірді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі