ҚМДБ-ның «Darhan Dala Travel» отандық туризмді дамыту және «Ізгі қоғам» бағыты бойынша Шымкент қаласының Абай ауданында орналасқан «Темірші әулие» (Сейтмухаммед) кесенесінде «Бабалар ізімен: Қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп» атты рухани-танымдық семинары өтті.
Рухани семинарға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы, қалалық дін істері басқармасының басшысы Бақтияр Өнербаев, дінтанушы-магистр Мұхамеджан Естеміров, “Қамқор – Шарапат” мекемесінің жетекшісі Ербосын Орын, «Darhan Dala Travel» отандық туризмді дамыту бөлімінің жауаптысы Самат Анарбаев және аудан бас имамдары қатысты.
Кесене аумағында тұңғыш ұйымдастырылған шараны дінтанушы-магистр Мұхамеджан Естеміров ашып, жүргізді. Осыдан кейін, Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы, қалалық дін істері басқармасының басшысы Бақтияр Өнербаев, “Қамқор – Шарапат” мекемесінің жетекшісі Ербосын Орын “Масжидур Рохман”мешітінің имамы Исмаил Панов және “Гауһар ана” мешітінің имамы Ғалымжан Назаров арнайы баяндама оқыды.
Жалпы рухани семинар барысында “Зиярат ету және дәстүр құндылы”, “Зират және зиярат ету мәдениеті”халқымыздың әдет-ғұрпы мен сал-дәстүріндегі діннің алар орны мен бабалар ұстанған жол” тақырыптар қозғалды.
Басқосу барысында қазақ даласындағы бабалар рухына арнайы Құран хатым жасалынып бағышталды.
Семинар соңында «Темірші ата» мешітінде арнайы Мәуліт дастарханы жайылып Имам Барзани (р.а.) Мәуліт хұтбасы оқылды. Жамағатқа діни мазмұндағы кітаптар сыйға тартылды.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі