Бүгін ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бағдарлық баяндамасына сәйкес, Шымкент қаласы «Шымкент» медресе-колледжінің студенттерімен кездесу ұйымдастырылды.

Игі шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы, «Шымкент» медресе-колледжінің директоры Талғат Әсембай, «Яссауи дүниесі» түркі діни кітаптарды оқыту орталығының жетекшісі, дінтанушы Мұхамеджан Естеміров,  оқу ордасының Жастар ісі жөніндегі орынбасары Бейбіт Битебаевтар қатысып, сәттілік тіледі.

Шаһар бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы шәкірттерге білім алудың артықшылығы мен пайдасы туралы дәріс оқыды.

Айта кетсек, кездесу барысында шаһар бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы барлық шәкірттерді жаңа оқу жылымен құттықтап, қасиетті Құран Кәрім кітабын табыс етті.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38