Кентау қаласы. Кентау орталық мешіті, Уасилә қоры , Жастар ісі бөлімі және Зекет қорының ұйымдастыруымен Кентау қаласына қарасты 24мектепте оқитын 226 жағдайы төмен, көпбалалы отбасынан шыққан жане жетім балаларға мектеп оқуына керекті құрал саймандар және сумка таратылды. жалпы 226 оқушыға 1000000 теңге қаржы шамасында жұмсалды.
Кентау қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі