Жаздың үш айын мешітте өткізіп Алланың сөзін оқып үйренгені үшін бүгін марапат сыйына ие болуда. Соның бірі Шымкент қаласа Еңбекші ауданына қарасты «Узған ата» мешіті.
Мұнда 50-ге жуық қыз балалар Құранды еркін оқуды, Пайғамбарымыздың өмірімен толық танысып, намаз, хадис ілімдерімен де сусындаған.
Білім мен тәрбиені қатар алған шәкірттерімізге арнайы кеш ұйымдастырып марапаттар жасалды. Осы игі іске ат салысқан мешіт ұжымы мен ұстаздарымызға зор алғыс білдіреміз.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі