Қождан ата мешітінде қыз-келіншектерге арналған «Құран- ұлы Алланың тәрбие мектебі» атты рухани кеш болып өтті. Кеш барысында әйел адамның өмірінде Құранның маңыздылығы жайлы ғибратты қойылымдар көрсетіліп, уағыз-насихат айтылды. Құранға түскен шәкірттерге қасиетті Құран Кәрім кітабы және «Құраным жүрегімде» Құран жаттау картинкалары сыйға тартылды.
Шара соңында Құран хатым дұғасы оқылып, берекелі дастархан жайылды.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі