Абдусаттар Сманов мешітінің жаздық діни сауат ашу курсында тәлім алып жүрген қыздарға арналған Құрбан  айт мейрамына орай Дендросаябақта айттық мейрам ұйымдастырылды.  Көрермен болып келген ата-аналар мен қыздарға ғибратты қойылымды қыздардың арасында өнерлі қыздар ойнап шықты. Қыздар арасында білім сынасар сұрақ-жауаптар қойылды. Әрі мейрамдық көңілмен, әрі түрлі спорттық ойындарын ойнап қыздарымыз қызықты мейрам өткізді. Қыздарға айттық тәттілер таратылды.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38