Шымкент қаласы Тұран ауданы Қождан ата мешітінде «Бір айда бір кітап» атты кітап оқу сайысы өтті.
Бұл сайыс Қождан ата мешіті әйелдер бөлімінде ай сайын өтіп тұрады. Бұл жолы оқылған кітап Жанар Теңлібаева аударма ісі негізінде құрастырылған «Ғайбат» кітабы.
Кітапта Ислам дінінде кісіні ғайбаттаудың адамдар арасында қатынас пен қоғамға тигізер зияны және оның күнәсі жан-жақты баяндалады.
Оқырмандар кітапты 3 апта ішінде толық оқып шығып, 23 қыркүйекте Қождан ата мешітінде сайысқа қатысты. Сайыс 2 турдан тұрып, бірінші тур тест түрінде, екінші тур балдық сұрақтарға аузекі жауап беру арқылы өтті.
Бірінші орынды 79 балмен – Арайлым
Екінші орынды 75 балмен-Момбекова Эльмира
Үшінші орынды 68 балмен- Сатанова Жұлдыз иеленді.
Ең жақсы нәтиже көрсеткен барлық қатысушыларға сертификат және сыйлықтар табысталды.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі»