Шымкент қаласы Аль-Фараби ауданы Айқап мешітінде жазғы діни сауат ашу курсының екінші маусымы да тәмәмдалды. Осыған орай балаларға қоштасу кеші ұйымдастырылды. Бұл жолы кешіміз ерекше форматта өтті. Қоштасу кеші Дендросаябақта өткізілді. Балалар осы кеште өнерлерін паш етті. Домбырамен күй шертіп, терме айтып, иләһи әндер шырқап, өлең жолдарын оқыды. Соңында балаларға тәжі кигізіліп, марапат қағаздар беріліп, сыйлықтар таратылды.
Кештен кейін шәкірттер, ұстаздар және аналар дастархан жайып, уағыз-насихаттан тыңдады. Дендросаябақтың таза ауасында ойын ойнап, серуен де жасалды.
Шымкент қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі