Алланы тану – Оның жаратылыстарын танудан басталады. Табиғаттың таңғажайып көркі, ауасы, ұшқан құстары мен аққан сулары өз иесін пәктеуде. Қоршаған көрікті ортаны тамашалап, ойлану мақсатында Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, Исамиддин баба мешіті жанынан ашылған “Сакина” клуб @sakina_club қыз-келіншектері табиғат аясына серуенге шықты. 
Аталған іс-шара барысында нәзік жандылар Алланың көркем есімдерін айтып, өзара спорттық ойындармен жарысты. Рухы мол рухани отырыс көпшіліктің көңілінен шықты. 
 
Шымкент қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38