Шымкент қаласы Абай ауданы Қождан ата мешітінің жанынан ашылған «Имани жаз-2022» рухани лагерь аяқталды. Екі айға жалғасқан рухани лагерьге 6-15 жас аралығындағы 70-тен аса мектеп жасындағы қыз балалар қатысты. Оқушы қыздарға Құран әліппесімен қоса рухани тәрбие дәрістері де үйретілді. 15- тен аса шәкірт  Құранға түсті.  Құранға түскен шәкірттерге Құран Кәрім сыйға тартылды.  Лагерьге қатысқан барлық шікірттерге тәттілер таратылып,  ата- аналар алғысын білдірді.

Шымкент қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38