“Балам деген ел болмаса – Елім дейтін бала қайдан шықсын”-деген тақырыпта Шымкент қаласы, Әл-фараби ауданы Абдулхамит Қаттани мешітінің ұйымдастыруымен және мешітке жанашыр әжелер қауымдастығының қолдауымен іс-шара өтті. Мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында көп балалы отбасылардың балаларына мешіт алаңына ойнауға арналған секітркіш құрылғысы (батут)орнатылды және балаларға тәттілер таратылды.
Шымкент қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі