Шымкент қаласы Қаратау ауданы Байғұт баба мешітінде 1 маусым балаларды қорғау күніне орай 7-13 жас аралығындағы жасөспірім қыздар арасында спорттық интелектуалдық танымдық “Супер ханшайым” атты сайыс өткізілді.
Сайысқа Шымкент қаласы бойынша барлығы 29 қыз қатысты. Сайыс 3 кезеңнен тұрды:
1 -кезең: Мақал мәтел, жұмбақ және логикалық сұрақ;
2 -кезең: Спорттық ойындар;
3 -кезең: Дұғаларды жатқа айтудан сайыс.
Сайыс қорытындасы бойынша жүзден жүйрік болған 6 ару қызымыз “Супер ханшайым” атанып тәж киіп мектеп сөмкесімен марапатталды. Сонымен қоса қатысушы барлық қызға бірдей мақтау қағаздары мен шопперлер табысталды. Осы сайыстың өтуіне атсалысқан,қатысқан барша аруларымыз бен дайындаған аналарына Алла разы болсын. Алла хайырлы салиқалы ұрпақтардан етсін
Шымкент қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі