Шымкент қаласы Аль-Фараби ауданы Айқап мешітінде «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен осы жылдың ақпан айында «Жүректердің сағынышы, көңілдердің жұбанышы, уа Расулалла!» атты ардақты пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өмір баянынан жарыс жарияланған болатын. Міне жарысқа 300 қыз-келіншектер мен апаларымыз тіркелді.  Міне мамыр айының 15-і күні бірінші туры өтті. Бұл жарыс онлайн түрде telegram қолданбасымен арнайы тест бағдарламасы арқылы белгілі бір уақытта, белгілі бір уақыт шектеуімен өткізілді.
Осы тесттік жарыстан еліміздің әр қаласынан, әр түрлі ауданынан  қатысқан 300 кісіден 80-і екінші кезеңге өтті.
Ендігі кезең Айқап мешіті Әйел-қыздар бөлімінде офлайн жүйеде өтпек.

Шымкент қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38