ҚМДБ-ның «Əйел-қыздар секторы» меңгерушісі А.Тілегенова Сарыағаш қаласы «Сарыағаш» медресе-колледжінде кездесу өткізді.
Кездесу алдымен оқу ордасының жаңа ғимаратының тыныс-тіршілігімен танысумен басталды. Онда жатақхана, асханасы, спорт залы т.б. құрылымдарын аралап, тамашалады. Кездесу барысында шәкірт қыздарға діни білім алудың артықшылығы мен хикметтері жөнінде кеңінен әңгімелеп берді.
Дәл осы күні Сарыағаш қаласындағы аудандық «Сарыағаш» орталық мешітіне атбасын бұрып, мешіт жанындағы діни сауат ашу курсында оқып жатқан 31 шәкірт қыздармен кездесті.
Шәкірттермен кездесу кезінде ҚМДБ-ның «Əйел-қыздар секторы» меңгерушісі А.Тілегенова ДСАК-тың 1-ші және 2-ші кезеңдерін жоғары деңгейде бітірген шәкірттерге сертификат табыс етті.
Сондай-ақ, ресми шаралар барысында «Шымкент» медресе-колледжінің дайындық курсында оқып жатқан 70 қыз-баласымен жүздесіп, өзінің іс-тәжірибесімен бөлісті.
Айта кету керек, бұл ғимарат өткен жылы қыркүйек айында ашылған болатын. Ғимарат заман талабына сай барлық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.
Кездесу барысында елеулі қызмет атқарып дəстүрлі асыл дініміздің дамуына үлкен үлесін қосып жүрген әйел жамағаты мен ұстаздарымызға алғысын білдірді.
Жалпы, кездесулер жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі