2017 жыл, 23 ақпан «Сайрам» жәми мешітінде ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы Ахметжан қажы Керімбектің дін мәселелері бойынша АШЫҚ ЕСІК КҮНІ қабылдауы болып өтті. Іс-шарада облыс имамы Ахметжан қажы Керімбекпен бірге, қала имамы Бақдаулет Абдрахманов және Қаратау ауданы имамы Қанат Кенжебековтарда қатысты. Кездесу барысында халық өзін қызықтарын сұрақтардың жауабын облыс имамынан қанықты дәрежеде есітті, және имам Ахметжан қажы Керімбек қазіргі күнде мемлекетте болып жатқан оқиғаларға мұсылман адам қандай қатынаста болуы керектігін, бірлікті, тыныштықты сақтаудың маңыздылығын түсіндіріп өтті. Соңында халық ақсақалдары имамдарға өз ризашылығын білдіріп, Алладан халық тыныштығы, ел бірлігі, ислам дінінің өркендеуін сұрап дұға етті.