Бүгін   ҚМДБ-ның «Халал Даму» мекемесінің бас сарапшы-технологы Омарова Айжан Қалмаханқызы Шымкент қаласына арнайы іс сапармен келді.

Сапар аясында өңірдегі «QMDB Halal» стандарты бойынша сертификатталған  мекемелеріне тексеру жұмыстары жүргізіледі. Соның ішінде, Шымкент қаласында орналасқан «Оңтүстік Нан», «Фаст-фуд» өнімдері мен  «София» балабақшасының тамақтану орны мен «Пилигрим – тәттілер» және  «Пельмен » цехы т.б. бірнеше  халал мекемелеріне барды.

Сондай-ақ, қалалық «Халал Даму» ЖШС-ның  бақылаушы  өкілі  Қазыбек Сарыбаев  халал бағытындағы атқарылған жұмыстары туралы қысқаша есебі тыңдалды. 

Айта кетсек, жоспар аясында ҚМДБ-ның «Халал Даму» мекемесінің бас сарапшы-технологы Айжан Омарова Шымкент қаласы мен Түркістан облысында «QMDB Halal» стандарты бойынша сертификатталған  мекемелерінде бірнеше кездесулер мен семинарларға қатысды.

 ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38